Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 7 «А» сынып жетекшісі Дурмаханбетова Кәмшат 25 қазан – Республика күніне орай мазмұнды тәрбие сағатын өткізді.
Іс–шараның мақсаты оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.Халқына еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар еліміздің тарихына шолу жасап,жаттаулар айтып патриоттық әндер шырқалды.
Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін мақтанышпен айтты.
Балалар Отанға деген сүйіспеншіліктерін өлең, ән және көрініс арқылы білдіріп,
нағыз адал азаматтың бейнесін көрсетті.
Мақсат – жас ұрпақтың бойында елжандылық, адалдық және әділдік қасиеттерін қалыптастыру!