Түркістан облысы, Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жоспарына сәйкес “Адал – азамат, Адал – ұрпақ, Адал – еңбек” тақырыбында 7-сынып оқушыларымен тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға адалдықтың адам өміріндегі маңызды құндылық екенін түсіндіру, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар пікір алмасып, жағдаяттық тапсырмалар орындап, адалдық пен еңбектің мәні туралы ой бөлісті.
Оқушылардың белсенділігі жоғары болды, сабақ жылы атмосферада өтті.
Болашаққа адалдықпен қадам басатын ұрпақ тәрбиелей берейік!