Ақпараттық қауіпсіздік – ата-ана назарында!
Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 23 қыркүйегінде «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиын барысында интернет алаяқтарының оқушыларды алдау үшін қолданатын жаңа тәсілдері туралы айтылып, келесі маңызды кеңестер берілді:
SMS арқылы келген растау кодын ешкімге жібермеу;
Өзін мұғалім немесе мектеп қызметкері ретінде таныстырған бейтаныс адамдарға сенбеу және дереу ата-анасына немесе мектепке хабарлау.
Мақсат – ата-анамен бірлесе отырып, оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алаяқтық әрекеттердің алдын алу.