Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhanazhol.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.191): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 429 Too Many Requests in /var/www/vhosts/tolebi-zhanazhol.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

АЛҒЫС– ЖҮРЕКТЕН ШЫҚҚАН ІЗГІ ТІЛЕК.Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде Алғыс айту күніне орай тағылымы мол, тәрбиелік мәні зор іс-шара жоғары деңгейде аталып өтілді.
Бұл мереке – бірлік пен татулықты, сыйластық пен ризашылықты дәріптейтін ерекше күн. Іс-шара барысында ұстаздар мен оқушылар жүрекжарды лебіздерін білдіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің маңызын айқындай түсті. Әсем ән шырқалып, әсерлі өлеңдер оқылып, алғысқа толы ақ тілектер айтылды.
Құрметті ұстаздар! Сіздердің білім мен тәрбие жолындағы қажырлы еңбектеріңіз – өскелең ұрпақтың жарқын болашағының кепілі. Шәкірт жүрегіне жол тауып, санасына сәуле құйған еңбектеріңіз үшін мың алғыс!
Ардақты ата-аналар! Балаларыңыздың болашағы үшін мектеппен бірлесе атқарып отырған жұмыстарыңыз бен сенімдеріңізге ризашылығымызды білдіреміз. Бірлік бар жерде – береке бар. Қымбатты оқушылар! Сіздер – еліміздің ертеңі, үміті мен тірегі. Жақсылықты жүрекпен сезініп, алғыс айтуды өмірлік ұстанымға айналдырыңыздар.
Алғыс айту күні баршамызға мейірім мен шаттық сыйласын! Ынтымағымыз жарасып, татулығымыз нығая берсін!