Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhanazhol.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.191): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 429 Too Many Requests in /var/www/vhosts/tolebi-zhanazhol.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінің  3“А” сынып оқушыларының қатысуымен “Алғыс айту – парызым” тақырыбында ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті. Сынып жетекшісі А. Ошанованың ұйымдастыруымен өткен бұл тағылымды шара оқушылардың жүрегіне мейірім мен ризашылық сезімін ұялатты.
Шара барысында оқушылар алғыс туралы жүрекжарды өлеңдерін оқып, тақырыпқа сай әсем ән шырқап, мың бұрала би биледі. Әрбір баланың сахнадағы сенімді қадамы мен шынайы ықыласы көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Алғыс айту – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің, адамгершіліктің айқын көрінісі. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойына ізгілік, сыйластық пен бауырмалдық қасиеттерін дарытары сөзсіз.
Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Ералиева сөз алып, оқушыларға жүрекжарды лебізін білдіріп, сынып жетекшісі А. Ошановаға алғысын жеткізді. Ол жас жеткіншектердің өнеріне ризашылығын білдіріп, мұндай мазмұнды шаралар жас ұрпақтың тәрбиесінде маңызды орын алатынын ерекше атап өтті.
Жас жүректерге жылулық пен мейірім сыйлаған бұл ашық тәрбие сағаты көптің көңілінен шығып, ұмытылмас әсер қалдырды.