Бала тәрбиесі - мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі.
Түркістан облысы Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты
Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 19.09.2025ж күні ата-ана мен мектептің арасындағы қатынасты нығайту мақсатында "Бала тәрбиесі - мектеп пен ата-ананың бірлескен жауапкершілігі" тақырыбында мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиын барысында сынып пен мектеп өміріне қатысты мәселелер жан-жақты қаралып, талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1.Мектептің ішкі тәртіп ережелері мен оқушы мінез-құлық кодексімен таныстыру
(Оқу үдерісіндегі тәртіп, сабаққа қатысу, рұқсатсыз себептер, телефон қолдану т.б.)
2.Білім алушылардың мектеп формасын сақтау мәдениеті және сыртқы келбетке қойылатын талаптар
(Біркелкі киіну тәртібі, шаш үлгісі, тазалық, рюкзак және т.б.)
3.Оқушылардың қауіпсіздігі мен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары:
(Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу
Құқықтық тәрбие және түнгі уақыттағы бақылау
Төтенше жағдай нөмірлерін білу)
4.«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында қолдау көрсету және әлеуметтік көмектер туралы ақпарат
(Әлеуметтік осал отбасыларды анықтау, ыстық тамақпен қамту, демеушілік көмек мәселелері)
5.2025–2026 оқу жылындағы тәрбие бағыты: «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасымен таныстыру
(Құндылықтар жүйесі)
6.Әр түрлі мәселелер(ата-аналар кеңесінің құрамын сайлау,т.б.)
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кері байланыс жасалды.
Бұл жиын бірлесе жұмыс жасаған жағдайда ғана ортақ мақсаттарға бірге жететінімізді айқындайтын жиын болды.
Біз келер болашағымыз жарқын,ұрпағымыздың адал боларына сенеміз!