Түркістан облысы Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде бір емес, екі бірдей маңызды іс-шара өз мәресіне жетті.
Отбасы күніне арналған отбасылық спорттық сайыс — ата-аналар мен оқушылардың бірлігін, татулығын және спортқа деген қызығушылығын арттырған жарқын шара болды. Жанұялық жарыста ұйымшылдық, серіктестік пен шынайы қолдау ерекше көрініс тапты.
Ал Денсаулық күніне арналған "Денсаулық фестивалі – 2025" аясында оқушылар түрлі спорттық жарыстар мен қозғалысқа толы белсенді іс-шараларға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады.
Аталған іс-шаралар жоғары ұйымшылдықпен өткізіліп, белсенділік танытқан сыныптар мен оқушылар марапатқа ие болды.
Оларға мадақтамалар табысталып, жетістіктері көпшілік алдында атап өтілді.
Бұл күн — тек жарыс емес, ұлт болашағының алтын діңгегі саналатын отбасы мен денсаулықты дәріптеген тәлім мен тәрбиеге толы тағылымды күн болды!