Түркістан облысы, Төлеби ауданы білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы кино көрсетілім ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге жат діни ағымдардың зиянын түсіндіру, олардың қоғамға тигізетін кері әсерін ұғындыру және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кино көрсетілім барысында оқушыларға экстремизмнің қауіптілігі, оның алдын алу жолдары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Мұндай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.