Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ДосболLIKE: достық қолын ұсын» атты акция өтті.
Бұл акция — оқушылардың жеке және әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық-әлеуметтік шара. Оның мақсаты – балаларды бір-біріне мейірімділікпен, түсіністікпен қарауға, қолдау көрсетуге, достық пен сыйластықты бағалауға үйрету.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, достық пен бірлік туралы пікір алмасты.
«ДосболLIKE» акциясы – оқушылардың жан дүниесін байытып, жақсы қарым-қатынас қалыптастыруға бағытталған игі бастама болды.