Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде «ДосболLIKE» жобасы аясында 11-сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Кекілова Назира «Ересек өмірге қадам» тақырыбында жоспарға сай сабақ өтті.
Мақсаты:
11-сынып әр жасөспірімнің өміріндегі ең жауапты кезеңдердің бірі. Бұл – балалық шақтан ересек өмірге өтетін, болашаққа бағыт-бағдар айқындалатын маңызды белес. «ДосболLIKE» жобасы осы кезеңде оқушыларға дұрыс таңдау жасауға, өмірлік құндылықтарды түсінуге және саналы азамат болып қалыптасуға көмектесуді мақсат етеді.
Ересек өмірге қадам басу – тек жастың өсуі емес, ең алдымен жауапкершілікті сезіну, өз шешіміне жауап беру, досқа адал болу, қоғамда өз орныңды табу. Бұл жолда дұрыс орта, шынайы достық және өзара сыйластық ерекше рөл атқарады. «ДосболLIKE» жобасы жастарды бір-біріне қолдау көрсетуге, қиын жағдайда жалғыз қалдырмауға, кикілжіңді күшпен емес, ақылмен шешуге үйретеді.
Қазіргі таңда жастар түрлі қауіп-қатерге жиі ұшырайды: теріс әдеттер, буллинг, агрессия, жалған достық. Осындай жағдайларда достық құндылығы мен адамгершілік қасиеттер басты қорған бола алады. Ересек өмірге қадам басқан әрбір түлек өз болашағына жауапты екенін, таңдаған жолы оның ертеңін айқындайтынын түсінуі тиіс.
Қорытындылай келе, «Ересек өмірге қадам» – бұл армандарға сену, мақсат қою, өзіңе және айналаңдағы адамдарға адал болу. «ДосболLIKE» жобасы 11-сынып оқушыларын саналы, мейірімді, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасуға шақырады.
Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.191): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 429 Too Many Requests in /var/www/vhosts/tolebi-zhanazhol.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46