Білім беру ұйымдарына арналған «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары аясында Түркістан облысы, Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде тағылымды әрі танымдық шара ұйымдастырылды.
«Өңір тарихында Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында мектеп оқушылары Шымкент қаласындағы Тәуелсіздік саябағына және Көне қала аумағындағы мұражайға экскурсия жасап, тарихи-танымдық саяхатқа шықты.
Экскурсия барысында оқушылар еліміздің Тәуелсіздік жолындағы тарихи кезеңдерімен, ұлттық құндылықтармен, өңірдің бай мәдени мұрасымен жақын танысты.
Бұл шара оқушылардың отансүйгіштік рухын арттырып, ел тарихына деген қызығушылығын тереңдетті
Осындай тағылымды экскурсиялар — жас ұрпақты саналы, адал, елін сүйетін азамат етіп тәрбиелеудің айқын көрінісі