Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhanazhol.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде өтіп жатқан “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” акциясы аясында 7–8–9-сынып оқушылары арасында “Қауіпсіздік шуағы” тақырыбында шығарма жазу жұмысы ұйымдастырылды.
Бұл шара жасөспірімдердің қоғамдағы өз рөлін түсінуіне, қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын сезінуіне бағытталды.
Іс-шараның мақсаты:
• Оқушылардың өзін-өзі бағалау қабілетін арттыру, өзіне деген сенімділігін күшейту;
• Қауіпсіз қоғам құру жолында әлеуметтік байланыстарды нығайтып, әр оқушының өзін жайлы әрі қорғалған сезінуіне жағдай жасау;
• Физикалық, әлеуметтік, ақпараттық және эмоционалдық қауіпсіздікті насихаттап, оқушылардың санасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Шығарма жазу барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, қауіпсіз қоғам туралы көзқарастарымен бөлісті. Мұндай шаралар жасөспірімдердің бойында жауапкершілік сезімін қалыптастырып, бір-біріне деген құрмет пен түсіністікті арттыруға үлес қосады.