«Күй күмбірі – ұлттық мұра үні»
Төлеби ауданы Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 16 наурыз “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр” күні атап өтілді.
Наурызнама жоспарына сай мектебімізде «Күй күмбірі» атты челлендж өтті. Шара барысында оқушылар ұлттық аспабымыз – домбырамен күйлер орындап, қазақ халқының бай музыкалық мұрасын насихаттады.
Шараның мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, ұлттық мәдени мұраны сақтау, сондай-ақ балалар арасында домбыра өнерін дамыту.
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақты ұлттық өнерді құрметтеуге, ата-бабамыздан қалған асыл мұраны дәріптеуге баулиды.