Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 25-26 желтоқсан күндері “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепалды даярлық сыныптары мен 1–4 бастауыш сыныптар және 5–11 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік шырша кеші ұйымдастырылды
Мерекелік іс-шараның ашылуында мектеп директоры Асқарбекова А.Т оқушыларға жүрекжарды тілегін арнап, жаңа жылмен құттықтап, кештің шымылдығын түрді
Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың өнерлерін тамашалап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар ән айтып, би билеп ,тақпақтар оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
Мерекелік кешке риза болған ата-аналар сынып жетекшілер мен мектеп ұжымына алғыстарын білдіріп, оқушылар мен ұстаздарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін арнады
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-береке, мол ырыс пен шаттық алып келсін!