Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебіде 2026жылдың 13 ақпан күні «Qurmet» акциясы аясында «Құрмет – бұл тек әдептілік емес, ол – адамгершіліктің негізі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. «QURMET» әлеуметтік желідегі акциясының мақсаты – қоғамда, әсіресе жастар арасында, құрмет құндылығын насихаттау және жеке шекараны сақтау мәдениетін қалыптастыру. Әр адамның жеке пікірі, таңдауы, уақыты, шекарасы бар. Сол шекараны түсіну және сақтау – мәдениетті қоғамның басты белгісі. Біреудің жеке өміріне араласпау – құрмет. Өзгенің пікірін сыйлау – құрмет. Рұқсатсыз фото/видео таратпау – құрмет. Кибербуллингке жол бермеу – құрмет. Уақыт пен жеке кеңістікті бағалау – құрмет. Құрмет – бұл әлсіздік емес, керісінше, адамның ішкі мәдениеті мен парасаттылығының көрсеткіші. Біз бір-бірімізді тыңдап, түсініп, қолдай білсек, қоғамымыз да мейірімді әрі қауіпсіз бола түседі. Әрқайсымыз өзімізден бастайық! Құрмет көрсетейік, жеке шекараны сақтайық, мәдениетті қарым-қатынас орнатайық. Құрмет бар жерде – сенім бар. Сенім бар жерде – береке бар.