Түркістан облысы, Төлеби ауданына қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ерекше сән мен салтанатқа толы «Күз ханшайымы» байқауы өтті.
Байқау төрт кезеңнен тұрды: таныстыру, өнер көрсету, аспаздық шеберлік, және сән үлгісі. Әр кезеңде оқушылар өздерінің таланты мен тапқырлығын танытып, ерекше дайындықтарын көрсетті.
3-4-сынып оқушылары арасындағы бұл сайыс — ұйымшылдық пен достықтың, өзара сыйластықтың, ынтымақ пен бірліктің жарқын көрінісі болды. Қыздарымыз бірлесе еңбек етіп, шығармашылық қабілеттерін ұштады және өз өнерлерін сенімді көрсете білді.
Байқау барысында оқушылар бір мақсатқа жұмылып, бір-бірін қолдаудың, ортақ іске атсалысудың маңызын ұғынды. Күздің көңілді шуақтарындай бұл шара мектеп өміріне шаттық пен шабыт сыйлады!