1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніболып аталып өтеді. Бұл мереке елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен достығын нығайту мақсатында мерекеленеді. Қазақстанда көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Халықтар арасындағы сыйластық, өзара құрмет пен ынтымақ – еліміздің басты құндылықтарының бірі.
Бұл күні еліміздің барлық өңірлерінде мерекелік концерттер, көрмелер, ұлттық ойындар және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. Бірлік күні – халықтар арасындағы достық пен бейбітшілікті дәріптейтін маңызды мереке.
Мақсаты: Оқушыларға бірлік пен татулықтың маңызын түсіндіру, өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарауға, достыққа және ынтымақтастыққа тәрбиелеу.