Жеңістің 81 жыл толуына орай мектепте дене шынықтыру және алғашқы әскери және технологиялық дайындық (АӘТД) пәндері бойынша апталық ұйымдастырылып, мазмұнды іс-шаралар өткізілді. Аталған апталық аясында дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Өтенбаев А. 1 «А» сыныбында «Кім күшті,епті?»
тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар әртүрлі қимыл-қозғалыс ойындарына белсенді қатысып, шапшаңдықтарын, ептіліктерін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.