«Кітап сыйла – болашаққа жол аш»
Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасы аясында ерекше мазмұнды челлендж ұйымдастырылды.
Бұл игі бастама – кітап оқуды насихаттап қана қоймай, жас ұрпақтың бойына білімге құштарлықты, рухани құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Кітап сыйлау – жай ғана тарту емес.
Бұл – үміт сыйлау.
Бұл – мүмкіндік сыйлау.
Бұл – болашаққа нық қадам жасауға жол ашу.
Челлендждің басты мақсаты – кітаптың ең құнды сыйлық екенін ұғындыру, оқырманның ой-өрісін кеңейту, білімін арттыру және өмірлік бағыт-бағдарын айқындауға ықпал ету.
Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы.
Ал сол болашаққа бастар жол – кітапта!