Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhanazhol.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

МҰҚАҒАЛИ ЖЫРЫ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
Қазақ поэзиясының мұзбалағы, жүрек жырдың иесі Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдық мерейтойына орай Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 2–11 сынып оқушылары арасында көркемсөз оқу байқауы өткізілді.
Байқаудың басты мақсаты: оқушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, поэзияны мәнерлеп оқуға баулу және Мұқағали жырлары арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байыту.
Шара барысында оқушылар ақын өлеңдерін ерекше сезіммен, жүрекпен жеткізіп, көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады. Мұқағали жырлары сахна төрінде қалықтап, рухани кештің шырайын аша түсті.
Оқушылар ақиық ақынның өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқып, ақын мұрасына деген зор құрметін көрсетті. Білімділігімен, сахна мәдениетімен ерекшеленген қатысушылар жүлделі орындармен және арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік жасап, қолдау білдірген 1984 жылғы азаматтарға зор ризашылығымызды білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз – жас ұрпақтың рухани дамуына қосқан қомақты үлес.
Сонымен қатар, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ университетінің ғылым және инновация жөніндегі проректоры Керімбеков Ержан Рахымжанұлы шараға қатысып, байқауда І орын иеленген Досыбай Гүлсаяға арнайы сыйлығын табыстады. Бұл-білім мен өнерге көрсетілген үлкен құрметтің айғағы.
Ізгі істеріңіз берекелі болып, еңбектеріңіз жана берсін!
Алғысымыз шексіз!