Педагогикалық кеңес – жаңа оқу жылына нық қадам
26 тамыз 2025 жыл
Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде «Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты:
Жаңа оқу жылында білім беру мазмұнын жетілдіру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру, педагогикалық ұжым қызметінің негізгі қызметтерін нақтылау.
Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. 2025-2026 оқу жылындағы негізгі басым бағыттар;
2. Жылдық оқу жоспары мен тәрбие жұмысының жүйесі;
3. Мектептің материалдық-техникалық жағдайын жетілдіру.
Кеңесті мектеп директоры А.Асқарбекова ашып, ұстаздарға сәттілік тіледі. Кеңеске «Өрлеу» БАҰО-ның өкілі, тренер Қарсыбаева Сәрсенкүл Амангельдиевна қатысты.
Жиын барысында мектеп басшысы, директор орынбасарлары нақты ұсыныстар мен шешімдер айтып, алдағы жылға нақты жоспар жасап, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Мектеп директоры А. Асқарбекова ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың жолдауындағы білім беру бағыттары бойынша арнайы баяндама жасап, бейнеролик көрсетіліп, ұстаздар арасында мазмұнды талқылау өтті.
Кеңес соңында ұстаздар жаңа оқу жылына үлкен дайындықпен, ынтымақпен кірісуге ниет білдірді.