Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран. 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде. 5 «Б» сыныбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, елін, жерін қорғаудың әр азаматтың қасиетті парызы екенін түсіндіру, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру.
Сабақ барысында оқушылар Отан туралы өлең-тақпақтарын мәнерлеп оқып, патриоттық әндер орындап, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, ел қорғаған батырларымыздың ерлігі жайлы ой бөлісіп, туған жерге деген құрмет пен адалдық туралы өз түсініктерін жеткізді.
Мұндай тағылымды тәрбие сағаттары оқушылардың елжандылық қасиетін қалыптастырып, ұлттық рухын нығайтып, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін арттыра түседі.
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін! Барша ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!