Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 2025 жылдың 22 қазанында мектеп психологы қызметін уақытша атқарушы Арапова Таңшолпан мен мектеп медбикесі Алимкулова Улжалғас апайдың ұйымдастыруымен 6«Б»-сынып оқушыларына түсіндірме сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға репродуктивті денсаулықтың маңызын түсіндіру.
Жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты туралы ақпарат беру.
Өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Өзін және өзгені құрметтеуді, эмоционалды және физикалық қауіпсіздікті сақтауды үйрету.
Сабақ барысында оқушылар маңызды сұрақтарға жауап алып, пайдалы кеңестермен танысты. Бұл – жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен дұрыс өмірлік ұстаным қалыптастырудағы маңызды қадам.
