«БІЛІМІМ – ОТАНЫМА!»
Түркістан облысы Төлеби ауданы Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім – Отаныма!» атты салтанатты іс-шара ерекше әсерлі өтті.
Салтанатты кеште 2025–2026 оқу жылында білім, өнер, спорт және түрлі олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жеткен 10–11 сынып оқушылары мен олардың жетекші ұстаздарын арнайы марапаттады.
Сонымен қатар, мектеп басшысы А.Асқарбекова бітіруші түлектерге жүрекжарды ақ тілегін арнап, алдағы ҰБТ-ға сәттілік тілеп, әр шәкірттің жарқын болашағына сенім білдірді.
Кеш барысында білім мен тәрбие саласына қосқан үлесі үшін мектеп әкімшілігі мен бірқатар педагогтерге Алғыс хаттары табысталды.
Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас түлектерімізге ақ жол, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз!
Армандарыңыз орындалып, ел мақтанышына айналатын азамат болыңыздар!