Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Название сайта
AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/tolebi-zhanazhol.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы, Төлеби аудандық білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тағылымы терең, рухы биік еске алу кеші өтті!
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың жүрегіне отансүйгіштік рухты ұялату,
Тәуелсіздіктің бағасын ұғындыру, еліне деген мақтаныш сезімін арттыру болды.
Кеш барысында 6 “А” және 10 “А” сынып оқушылары тәуелсіздік жолында жанын қиған Желтоқсан қаһармандары мен ел үшін аянбай еңбек еткен ардагерлерге 1 минут үнсіздікпен тағзым етті.
Шара аясында жүрекке жетерлік патриоттық өлеңдер оқылып, ел рухын асқақтатар әсем әндер шырқалды.
Тәуелсіз елдің құндылығы, бірлігі мен бейбіт болашағы жас ұрпаққа кеңінен насихатталды.
Іс-шара соңында мектеп директоры Асқарбекова А. қорытынды сөз сөйлеп,
Тәуелсіздік – халқымыздың ең қастерлі байлығы екенін атап өтті.
Оқушыларды білімді, саналы, елін сүйетін азамат болып өсуге шақырды   
Тәуелсіздік – бабалар аманаты!
Тәуелсіздік – Мәңгілік елдің тұғыры!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш,
Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін!