Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебі қабырғасында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптеген ерекше іс-шара өтті!
Мектебімізде «Сарбаздар ән салғанда» «Жас сарбаздар шеруі» саптық дайындық байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Оқушылар әскери тәртіпті, ұйымшылдықты, сахна мәдениетін және нағыз жас сарбазға тән жігер мен рухты көрсете білді
Саптық дайындық барысында оқушылардың бірлігі мен тәртібі ерекше байқалды
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың бойында елге, жерге деген құрметті арттырып, патриоттық сезімді нығайта түседі.