Түркістан облысы, Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты Жаңажол жалпы білім беретін мектебінде «Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында DосболLIKE жоспарына сәйкес Білім беру ұйымдарында білім алушыларды жәбірлеудің алдын алу бағдарламасын іске асыру мақсатында Сынып жетекшілердің тәрбие жұмысы жоспары негізінде 8-сынып оқушыларымен «Ұжымның күші» тақырыбында жоба өткізілді!
Жобаның мақсаты:
Оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, ұжымда ынтымақтаса жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру және оқушыларды жәбірлеудің алдын алу.
Оқушылар ұйымшылдықтың, достықтың, өзара сыйластықтың маңыздылығын түсініп, бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін көрсетті!